jasqazaq.kz

Әкесін байлап орманға тастап кеткен

13 ақпан 2019, 13:57

Көкшетау тұрғынын туған ұлы орманға апарып тастаған, ол үсіп өлді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Тергеудің мәліметінше, Көкшетау тұрғыны 16 жыл бойы ішімдік ішіп, отбасы мүшелерін, оның ішінде ұлын ұрып-соғуды әдетке айналдырған.

2018 жылдың 31 қазанында отағасы үйде тағы да жанжал шығарған. Қызы қорқып кетіп, бауырына қоңырау шалады. Ол келген соң әкесін байлап, автокөліктің жүксалғышына салады. Жігіт мас әкесін орманға әкеліп, аяқ-қолын шешпей, бір іш киіммен қарға тастап кеткен.
Осы маңнан өтіп бара жатқан жүргізуші ер адамды байқап қалып, жедел жәрдем мен полиция шақырған.

Қала тұрғыны ауруханада ағзаға салқын тиюден қайтыс болды.

Кейінірек марқұмның ұлы ұсталып, тергеу барысында ол прокуратурамен кінәсін мойындау туралы процессуалды келісім жасады.

Көкшетау қалалық соты 23 жастағы жігітті адамды бас бостандығынан заңсыз айырып, қауіпті жағдайда қалдырып, абайсызда өлтіріп алғаны үшін кінәлі деп тапты.

Айыпталушы бес жыл және үш айға сотталды, жазасын орта қауіпсіздіктегі мекемеде өтейді.

Марқұмның туыстары моралдық өтемақы туралы талап арыз түсірген жоқ.

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделін нығайтуда
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты