jasqazaq.kz

Алматылық заңгер қалалық жол басқармасын сотқа берді

31 қантар 2019, 21:42

Жылдамдықты төмендетуге қарсы. Алматылық заңгер Әмір Бегдесенов қалалық жол басқармасын сотқа берді. Бұл туралы КТК теларнасы хабарлады.

15 қаңтардан бастап Алматыдағы ең ірі Әл-Фараби даңғылы, Сайын көшесі және Шығыс айналма жолында жылдамдықты сағатына 60 шақырымнан асыруға болмайды. Алматыдағы жылдамдыққа шектеу қоюдың басты себебі адам өліміне әкелетін жол апаттарының алдын алу. Заңгердің пікірінше, әлемдік тәжірибеде тек қаланың орталығында ғана жылдамдық шектеулі. Ал, Әл-Фараби мен Шығыс айналма жолы республикалық маңызы бар трассалардың қатарына кіреді. Көлік жылдамдығы бәсеңдетілген трасслармен жиі жүретін Әмір Бегдесенов тиісті құжаттарды ауданық сотқа ұсынып, өз құқығын қорғамақ.

Әмір Бегдесенов, заңгер:

-Мені бұл көшелердегі жүргізушілердің қауіпсіздігі емес айыппұл көлемінің артуы алаңдатады. Бұдан өзге сағатына 60 шақырым десе басқалары 40 шақырымға дейін төмендетіп, ауаға бөлінетін газ көбейеді. Қалалық әкімдік пен полиция департаментін ереже енбей тұрып сотқа бергенмін. Бүгін өз дәлелдерімді сотқа ұсынамын. Егер сотта жеңілсем, апелляциялық шағым түсіремін.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық