
QMG
Қазақстанның жетекші тікелей-интеграцияланған мұнай-газ компаниясы «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы биылғы тоғыз айдағы қаржылық және операциялық нәтижелерін жариялады. ҚМГ Баспасөз қызметі хабарлағанлдай, Ұлттық компания тоғыз айда елеуле жетістіктерге жетті. Нақтырақ айтсақ, түсім өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 62%-ға өсті. Таза пайда – 43%. Осы көрсеткіштер «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ жемісті жұмысайғақтайды.
Енді тоғыз айдағы операциялық көрсеткіштерге тоқталар болсақ, мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі өткен жылдың осы кезеңіне қарағанда 1%-ға – 17 642 мың тоннаға дейін өсіп, табиғи және ілеспе газ өндіру 2%-ға ұлғайған. Мұнай тасымалдау көлемі 55 674 мың тоннаға дейін өсіп, газ тасымалдау көлемі 13%-ға артқан.
Биылғы 10 мамырдан бастап «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның («ҚМГ БӨ») жаһандық депозиторлық қолхаттары мен жай акциялары Лондон және Қазақстан қор биржаларының тізімінен шығарылды. ҚМГ ҰК-ға ҚМГ БӨ жай акцияларының шамамен 99,6%-ы тиесілі. 13 қарашада ҚМГ БӨ директорлар кеңесінің шешімімен артық акцияларды сатып алу бағдарламасының мерзімі 2019 жылдың 31 қаңтарында дейін ұзартылды. 16 қарашадағы жағдай бойынша ҚМГ БӨ еркін айналымдағы 1905 209 артықшылықты акцияның 1 058 363 акциясын (немесе 55,6%-ын) жалпы сомасы 13,5 млрд теңгеге сатып алды.
Қазан айында «Қазақстан-Румыния инвестициялық қоры» бірлескен кәсіпорны құрылды. KMG International N.V. қатысу үлесі – 80% және «Societatea de Administrare a Participaţiilor în Energie S.A.» (Румынияның энергетика министрлігі тағайындаған, энергетикадағы қатысу үлестерді басқаратын компания) қатысу үлесі – 20%. Акционерлік капиталдың бастапқы сомасы – 5 млн АҚШ доллары. Қор қызметінің мақсаты KMGI компаниясының жалпы стратегиясына сәйкес энергетикалық сектордағы инвестициялық жобаларды дамыту болып табылады. Қазанда ҚМГ «АстанаГаз ҚМГ» АҚ-дағы (Астана қаласын, еліміздің орталық және солтүстік өңірлерін газбен қамтамасыз ету үшін «Сарыарқа» магистральді газ құбырының құрылысы бойынша жобалау компаниясы) «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ жай акцияларының 50%-ын сенімгерлік басқаруға алды. Оның мақсаты – ҚМГ-ның жинақталған тәжірибесі мен сараптамасын ескере отырып, осы инвестициялық жобаны басқару.
Бұл айда ҚМГ Басқарма төрағасы болып тәжірибелі мұнайшы Алик Айдарбаев тағайындалды.
2018 жылдың тоғыз айында Қашаған кен орнында («Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» операторы) мұнай өндіру 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 64%-ға өсіп, 9 511 мың тоннаны (ҚМГ үлесі – 787 мың тонна) немесе тәулігіне 276 мың баррельді құрады. Жобаның операторы кен орнында өндіру деңгейін ұлғайту үшін газды қайта айдау бойынша қуатты кеңейту түрлерін зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр;
Қарашығанақ жобасының серіктестері Қарашығанақ қайта өңдеу кешенінің газы бойынша өндірістік шектеулерді алып тастау жобасын бекіту туралы келісімге қол қойды. СПОГ жобасы жылына шикі газдың қосымша 4 млрд текше метрін өңдеуге және ӨБТК әрекетінің мерзімі аяқталғанға дейін жер қойнауынан сұйық көмірсутектің қосымша 10 млн тоннасын өндіруге мүмкіндік береді. Жоба 2021 жылдың соңында пайдалануға беріледі.
Атырау мұнай өңдеу зауытында жаңғырту жобасы шеңберінде іске қосу-реттеу жұмыстары аяқталды, технологиялық қондырғылар тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану кезеңінен өтіп жатыр. Ал Шымкент мұнай өңдеу зауыты жаңғыртудың екінші (соңғы) кезеңінің технологиялық қондырғылары бойынша іске қосу-реттеу жұмыстарын аяқтады, қондырғылар тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану кезеңінен өтуде.
ҚМГ-ның мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі 2018 жылдың тоғыз айында 17 642 мың тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың осындай кезеңдегі көрсеткіштен 1%-ға жоғары. Ілеспе және табиғи газды өндіру көлемі 2%-ға 6 067 млн м3 дейін өсті. Қаңтардан қыркүйегіне дейін Қашаған кен орнында мұнай өндіру көлеміндегі ҚМГ үлесі 787 мың тонна мұнай мен 458 млн м3 газды құрады. Бұл өткен жылдың осындай кезеңдегі көрсеткіштен, тиісінше, 64% және 65%-ға жоғары. Кен орнында мұнай мен газды өндіру көлемінің артуына 2017 жылдың тамызында шикі газды қабатқа қайта айдау жүйесінің пайдалануға берілуі, жабдық сенімділігінің артуы және пайдалану коэффициентінің ұлғаюы өз септігін тигізді.
ҚМГ-ның мұнай мен газ конденсатын сату көлемі тоғыз айда 18 980 мың тоннаны құрады. Өндірілген жеке мұнайды сату көлемі біршама 2%-ға 15 034 мың тоннаға дейін төмендеді. Өндірілген жеке мұнайды ішкі нарыққа жеткізу 4 853 мың тоннаны (кейіннен мұнай өнімдерін сату үшін МӨЗ-дерге шикі мұнайды жеткізуді қоса алғанда) құрады. Бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 9%-ға өсті.
ҚМГ магистральді құбырларымен мұнай тасымалдау көлемі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 9 айында 0,5%-ға ұлғайып, 50 716 мың тоннаны құрады (ҚМГ үлесін есептегенде)1.
Тоғыз айда көмірсутегі шикізатын қайта өңдеу көлемі 14 947 мың тоннаны құрады.
Дерек пен дәйек:
Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарында аяқталған жаңғырту жобасының нәтижесінде қайта өңдеу тереңдігін жоспарлы жобалық көрсеткіштерге дейін кезең-кезеңімен ұлғайту жалғасуда. Қаңтар-қыркүйек айларында 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда қайта өңдеудің орташа тереңдігінің ұлғаюы байқалуда. Мұнай өнімдері өндірісінің көлемі 10%-ға өсіп, 13 931 мың тоннаны құрады.
Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарында мұнай өнімдері өндірісінің көлемі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда, қайта өңдеу көлемінің ұлғаюына байланысты 5%-ға 8 984 мың тоннаға дейін артты:
Дерек пен дәйек:
Бензин өндірісі 2 380 мың тоннаны құрады. Өсім — 26%;
авиация отыны 152 мың тонна. Өсім — 36%;
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (ҚМГ) Қазақстанның жетекші тікелей-интеграцияланған мұнай-газ компаниясы болып табылады. ҚМГ көмірсутектерді барлау мен өндіруден бастап, тасымалдау, өңдеу және мамандандырылған қызметтерді көрсетуге дейінгі барлық өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады.
Фото: QMG