
Майқайың кентінің жанында автокөлік отқа оранды.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 10.30-да көліктің өртенгені туралы кезекшілік бөліміне хабарлама түскен. Сағат 11.10-да толығымен сөндірілген. — Майқайың – Екібастұз тас жолындағы автобустың 17 шаршы метр аумағы толығымен жанып кеткен. Көлік «Майқайың-Алтын» АҚ Талдыкөл разрезіне тиесілі. Құтқарушылар келгенге дейін разрездің алты жұмыскері өздігінен сыртқа шыққан, — дейді департаментте. Оқиға орнында жеке құрамнан үш адам мен бір техника жұмыс істеген. Қазіргі таңда келтірілген шығын көлемі мен өрттің шығу себебі анықталуда. Зардап шекеннедер жоқ.