
Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін төрт боксшымыз жұдырықтасады. Оның ішінде Василий Левит алтынға таласады, – деп хабарлайды Риодағы ҚазАқпарат тілшісі.
Боксшылардан ең бірінші болып, 52 келіге дейінгі салмақта Астана уақытымен сағат 20:30 Олжас Сәттібаев 1/8 финалдық бәсекесінде өнер көрсетеді.
Ал сағат Астана уақытымен 22:00-де 75 келіге дейінгі салмақта Жәнібек Әлімханұлы ширек финалға (1/4) шығады. Сондай-ақ 03:30-да 69 келіге дейінгі салмақта бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының команда капитаны Данияр Елеусінов жартылай финалда өнер көрсетеді.
Ал осы боксшылардан кейін, 04:15-те 91 келіге дейінгі салмақта Василий Левит финалда жұдырықтасып, алтын үшін айқасатын болады.
Қазір төрт боксшымыз жарыс жолын аяқтап, алтауы ел намысын қорғауды жалғастыруда.