
Қазақстандық жеңіл атлетші Ольга Рыпакова Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында үш басып секіру сайысында финалға өтті.
Бүгін Олимпиада аренасында сынға түскен Лондон Олимпиадасының чемпионы, отандасымыз Ольга Рыпакова бірінші мүмкіндігінде — 14,10 көрсеткішімен төртінші орынға көтерілген болатын, кейін екінші мүмкіндігінде — 14,39 көрсеткішімен екінші орынға көтеріле алды. Бұл оның бірден финалға өтуіне мүмкіндік берді. Әзірге жарыс жалғасуда. Ең үздік нәтижені колумбиялық жеңіл атлет Катрин Ибаргуэн өрсетті. Оның секірген ұзындығы — 14,52. Финал 15 тамызда Астана уақыты бойынша 05:55 сағатта өтеді.