jasqazaq.kz

Илон Маск өзі құрған компаниядан қуылды

17 қазан 2018, 9:40

Tesla компаниясының негізін қалаушы Илон Маск алдағы үш жыл бойы компанияны басқара алмайды. Бұл Нью-Йорк соты мақұлдаған билік пен оның арасындағы келісімнің нәтижесінде болып отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz CNBC сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Сот қыркүйектің аяғында жарияланған келісімді түгел дерлік өзгеріске ұшыратпай бекітті. Құжаттың бірінші нұсқасында Маск кем дегенде үш жылға Tesla директорлар кеңесі басшысының лауазымынан кетуі керек еді, бірақ бас директор болып қала алды. Ал жаңадан бекітілген нұсқада бұл тармақ жоқ. Бұдан шығатыны, кәсіпкер барлық көшбасшылық лауазымын қалдыруға мәжбүр болады, — деп жазады Lenta.ru тілшілері. Сондай-ақ ол 20 миллион доллар айыппұл төлеуі керек. Бұдан бөлек Tesla Масктың барлық мәлімдемесін, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы жариялағандарын бақылайтын арнайы адамды жалдайды. Енді кәсіпкердің жазбалары модерациядан өтіп отырады. Оқиға Масктың шілдеде салған жазбасынан басталған. Онда Маск компанияның барлық акциясын сатып алып, биржадан шығару ниеті туралы айтқан. Сөйтіп Tesla бағасы бірнеше күнге өсіп, алайда көп кешікпей Масктың оған қаражаты жеткіліксіз екені анықталған. Осыдан кейін, АҚШ-тың бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссия (SEC) өкілдері оған қарсы наразылық білдіріп, сотқа жүгінген.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық