jasqazaq.kz

Астанада үлескерлер дауы

13 тамыз 2016, 0:21

Астанада үлескерлер қаңырап тұрған қорқынышты үйлеріне кіріп алуға мәжбүр болды.

Себебі, құрылыс компаниясы уәде еткен мерзімінде баспананы салып бітірмеген. Кісі есігінде күнелтіп шаршаған отбасылар бүгін шиеттей бала-шағасын ертіп, құрылыс алаңына баса-көктеп кірді.

Он шақты отбасы қолдарына киім-кешек, көрпе, су, азық-түлігін арқалап салынып бітпеген пәтерлеріне жайғасып алды. Көрпелерін төсеп, негізгі керек-жарақтарын орналастырып жатыр. Сөйтіп, Астананың қақ ортасында орналасқан «Арыстан» тұрғын үй кешенінің басшыларын ел алдында ұялтпақшы.

Әбден төзімдері таусылған үлескерлер 2014 жылы қоныс тойын тойлаулары керек болатын. Алайда құрылыс компаниясы уәдесінде тұрмай, 3 жылдан бері жүздеген отбасыны сандалтып жүр. Жарнамаға алданғандарын кеш түсінген адамдар енді жарығы, суы жоқ, сыз тартқан пәтерлерден ешқайда шықпаймыз деп отыр. Қазір баспананы уақытында тапсырмаған компанияға қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Қала тұрғыны Виктория Филасова «2 бөлме үшін 21 миллион теңгені санап беріп, енді өкініп отырмыз. Пәтер жалдап әбден жүйкеміз жұқарды. Ақшамыз таусылған соң қаңырап тұрса да осында көшіп келдік. Құрылысты бітірмейінше, ешқайда кетпейміз» — деп отыр.

ktk.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық