jasqazaq.kz

Алматы сапалы көкөніспен қамтылады

09 тамыз 2018, 10:07

Алматыдағы METRO сауда орталығына «Шелек фермерлері» Ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің табиғи таза көк-өністері жеткізілді.

«Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қоғамдастықтар қорының»  атқарушы директоры Бақытгүл Елшібаеваның айтуынша, ірі сауда орталықтарын көкөністермен тұрақты қамтамасыз ету үшін, шағын фермерлік шаруашылықтар бірігіп «Шелек фермерлері» Ауыл шаруашылық өндірістік кооперативін (АӨК) құрған.

Биылдан бастап «Шелек Фермерлерінің» өнімдері Алматыдағы «Арзан» супермаркеттері желісінде ғана емес, сондай-ақ, Алматы, Астана, Павлодар және Өскемен қалаларындағы METRO сауда орталықтарына жеткізілетін болады.

Осы маусымда «Шелек Фермерлері» 212 тонна көкөністі, соның ішінде Metro Cash&Carry сауда желісіне 52 тонна қызанақ — жылыжайда өсірілген, қызғылт жаңа, қызыл жаңа және черри сұрыптары; 50 тонна бұрыш — қарлығаш, мазурка, ред джет, бағдаршам, болгар қызыл және жасыл бұрышы, жартылай ащы, ащы чили; 44 тонна қияр, соның ішінде корнишондар; 36 тонна екі сұрыпты баялды — алмас және қара ханзада; 30 тонна картоп және алма, қарбыз мен құлпынай секілді басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуді жоспарлап отыр.

Артур Янушевский, «МЕТРО Кэш энд Керри» ЖШС операциялық қызмет бойынша бөлімінің бастығы:«Біздің компаниямыздың миссиясын – бизнес үшін үздік әріптес атану. METRO қызмет ететін барлық 25 елде біз шағын және орта бизнес өкілдеріне, атап айтқанда, елдің экономикалық дамуының негізгі қозғаушы күші болып табылатын жергілікті тауар өндірушілеріне қолдау көрсетудеміз. Фермерлік шаруашылықтармен осындай қызметтестік бізге сауда желілері сөрелерінде қазақстандық қамтымды ұлғайтуға үлесімізді қоса ғана қоймай, жалпы алғанда, елімізде пайдалы тағамдармен тамақтану мәдениетін ілгеру жылжытуға көмектесетін болады», — деді. «Шелек Фермерлері» — ҮЕҰ мен бизнес арасындағы кооперацияның ғана емес, сондай-ақ, ірі бизнестің шағын бизнеске көмек көрсетуінің де тамаша мысалы. Жобаны «Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қоғамдастықтар қоры» Қоры «Филипп Моррис Қазақстан» компаниясының қолдауымен жүзеге асыруда. 2018 жылдан бастап фермерлік өнімдерді сату үшін өз сауда алаңшаларын METRO Cash & Carry ірі сауда желісі тегін ұсынуда. Ритейлге ірірек әрі тұрақтырақ жеткізілімдер көлемін қамтамасыз ету үшін, шағын фермерлік шаруашылықтар бірігіп, «Шелек фермерлері» АӨК-нің ресми тіркелуін жүзеге асырды. Сондай-ақ, АӨК құрылуымен фермерлер өз өнімдерін Астана, Семей, Павлодар және Өскемен қалаларын қоса алғанда, Қазақстан аумағында да сату мүмкіндігіне ие болды.

Ринат Заитов, «Филипп Морис Қазақстан» компаниясының корпоративтік байланыс қызметінің жетекшісі: «Біз фермерлерге олардың бастамашылдығы үшін, ал Жергілікті қоғамдастықтар қорына көп жылдық жемісті жұмысы үшін ризамыз. 2014 жылы жоба ретінде басталған іс бүгінгі күні нағыз бизнеске айналған: фермерлер кооперативке бірігіп, бизнесті кеңейтуді жалғастыруда. Жай ғана қаржы доноры ғана емес, сонымен қатар жоба шабыттандырушысы бола тұра, біз өнімдерді, дәндерді және органикалық тыңайтқыштарды тасымалдаға арналған арнайы жасалған ораманы ұсыну арқылы, фермерлерге қолдау көрсетуді жалғастырып тұрған Rijk Zwaan, Kagazy Recycling, «Эко Культура», «Агровэй – Nunhems» серіктестерімізге ризамыз»-деді.

Шелектік фермер Марат Мансуров, бұл жобаның пайдасы зор екендігін, тіптен өзін кәсіпкер сезіне бастағанын айтады:«Бұл жоба бізге көп нәрсені үйретті, мәселен есептеуді, алдын ала жоспарлауды үйрендік. Қазіргі әкеп отырған өнімдерді өткен жылдың күзінде зерттеп, жоспарлап қойдық. Тұтынушылардың сұранысын, қандай сұрып қажеттігін бәрін алдын ала зерттедік. Жеткізу жолдарын бәрін жолға қойдық. Біз үшін қазір көптеген жол ашылды, бұрын мұндайды тек армандап келген едік. Қазір біз көкөністерді жөн-жосықсыз еге бермейміз, сұранысқа қарай жұмыс істейміз, яғни сатып алушының ыңғайына бейімделдік. Бұл өте тиімді, өнімің өте ме, өтпей ме деп уайымдамайсың, нақты не керек екенін алдынала біліп отырамыз. Одан кейін біздің өнімдер экологиялық жағынан таза. Біз ешқандай химия, дәрі-дәрмек қолданбаймыз. Мәселен, картоп, қызанақ және баклажанды қатар отығызбайды, ортасына өзге дақылдарды егу керек. Олар сонда бір-бірін түрлі зиянды нәрселерден қорғап тұрады. Кооперативімізде шетелдік тәжірибені жинаған агрономдарымыз бар, олар қандай сұрыпты таңдау керектігі жөнінде кеңес беріп отырады. Бұрын еккен өнімдерімізді базарға апарушы едік, оның машақаты көп, оның үстіне өте ме, өтпей ме деп уайым үстінде жүресің. Қазір жақсы мәдениет қалыптасты, шетінен бәрін апара бермейміз, күнделікті сұраныс бойынша ғана әзірлеп қоямын, көлік өзі келіп әкетеді», -дейді фермер.

 

Мақпал Ноғайбаева

 

 

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты