jasqazaq.kz

ҰБТ: Алғашқы 140 балл тіркелді

26 маусым 2018, 10:02

Алматылық түлек Шиара Құдайбергенова ҰБТ-дан 140 балл алды. Бұл мәліметті білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов растады. «Құдайбергенова Шиара Әбдірахымқызы — Алматы қаласы 123 мектеп-гимназиясының түлегі көп күткен ең жоғары 140 балл алды», — деді Асхат Аймағамбетов Tengrinews.kz.

Оның айтуынша, Шиара Құдайбергенова 25 маусымда тест тапсырған. «Шиараны тамаша нәтижесімен құттықтаймын. Жарайсың. Кез келген ісінде жақсы маман болсын деп тілеймін. Оның мұғалімдері мен ата-анасына алғыс айтамын», — деді вице-министр. Шиара Құдайбергенова Алматыдағы Қожа-Ахмет-Яссауи атындағы 123 мектеп-гимназиясында оқып бітірді. Шиара 2017 жылы «Инабат» сұлулар сайысында жеңімпаз атанған. Бұл сайыста Әуезов ауданының бес үздік мектебінен арулар қатысқан. Айта кетейік, өткен жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу еліміздің 165 ҰБТ өткізу пункттерінде 2017 жылдың 20-27 маусымы аралығында жаңа форматта өткізілді. ҰБТ-ға қатысуға 10 (11) сыныптардың 92 827 түлегі өтініш беріп, олардың 67 627 (76,3 пайыз) қазақ тілінде және 20 968 (23,6 пайыз) орыс тілінде тапсыруға өтініш берген. Факт бойынша, 88 583 адам тестілеуге қатысып, өтініш берушілердің 95,4 пайыз құрады.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық