jasqazaq.kz

Балықшы өлімнен аман қалды

08 мамыр 2018, 13:23

Ертіс өзенінің Быструшка ағысында балық аулап отырған Ақсу қаласына қарасты Еңбек ауылдық аймағының тұрғыны зардап шекті.

5 мамыр күні сағат 21.40-та Павлодар қаласының «112» нөміріне оқыс жағдай орын алғаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды pavlodarnews.kz облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап. «Кешкі уақытта балық аулаған азамат су деңгейінің көтерілгенін байқамай қалған. Жүзу құралдары болмағандықтан, ағашқа өрмелеп шығуына тура келген. Бірден шұғыл түрде оқиға орнына Ақсу қаласы төтенше жағдайлар бөлімінің жауапты тұлғасы мен №7 құтқару бөлімінің құтқарушысы жүзу құралымен шықты. Алайда құтқарушылар жеткенге дейін сол маңайда жүзу құралымен балық аулап отырған жергілікті тұрғындар ер адамды ағаштан түсіріп, қауіпсіз жерге жеткізген», — дейді департаментте. Құтқарушылар қазіргі таңда Шүлбі ГЭС-інен табиғатты қорғау мақсатында су жіберудің нәтижесінде Ертіс өзені жағадан шығып, жайылым жерлерді су басатынын еске салады. Осыған байланысты әуесқой балықшыларға және су айдындары маңында демалуды ұнататын азаматтарға тәуліктің қараңғы кезіне дейін бөгелмеуді және судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық