jasqazaq.kz

Астанада мектептен өрт шықты

05 мамыр 2018, 16:12

Астанадағы №61 орта мектептен өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі куәгерлерге сілтеме жасап. Фейсбук қолданушылары жариялаған ақпаратты төтенше жағдайлар департаменті растады.

ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 101 нөміріне күндізгі сағат 2-лерде хабар түскен. Бірінші қабаттағы 10 шаршы метр алаңда жиһаздар мен жеке заттар жанған. «Мектеп әкімшілігі өрт сөндірушілер келгенге дейін 2212 адамды эвакуациялады, оның ішінде 2096 бала бар. Жедел жәрдем мен Апаттық медицина орталығы өрт болған жерде адамдарға көмек көрсетіп жатыр», — делінген хабарламада. Өртті ауыздықтауға жеке құрамның 15 адамы мен 6 техника тартылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты