jasqazaq.kz

Оралман атын жамылмасын!

20 сәуiр 2018, 12:22


Шеттен оралған қандастарымыз жазықсыз жабылған жала мен орынсыз жағылған күйеден арылып, көші-қон саясаты енді-енді оңалып, аяғын қалт-құлт етіп баса бастағаны осы еді. Енді мынадай «қой терісін жамылып», арам пиғылын іске асырғысы келетіндердің әрекеті пайда болыпты. Бұл шынымен заңсыздық. «Ауғанстанның 49 азаматы «оралман» атын жамылып Қазақстан азаматтығын алуға ниеттенді» деген не сөз? Бұл – қылмыс. Қылмыс болғанда да ұйымдасқан қылмыс болып тұр. Мұның соңы шеттен келетін көші-қонды тұралатуы мүмкін. Мұның соңы көші-қонмен айналысатын құзырлы мекемелердің заңсыздыққа жол беріп отырғанын көрсетеді.

Баспасөз бетіне шыққан ресми ақпараттарға сенсек, заңсыз көші-қонмен айналысқандар еліміздің 85 мекемесі арқылы Қытайдан адам әкелуге жұмыс істеген. Сөзімізді нақтылайтын дәлел бар. Бұл туралы өткен аптада Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко мәселе көтерді.

Көші-қон саясаты – Қазақстанның күретамыры. Ұлы көшті пайдаланып ақша жасау – опасыздық. Опасыздық болғанда да, Отанына жасаған сатқындықпен пара-пар. Елін-жерін сүйетін, нағыз отаншыл азамат қалай ғана қолы барып мұндай «саудаға» барады? Миым жетпейді.
Үкімет отырысында ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов «Қос азаматтығы бар 600 адам өткен жылы жауапқа тартылды» деді. Қос азаматтық деген де қылмыс.
Елбасы еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне көші-қон саясатының 2017-2022 жылға дейінгі кешенді бағдарламасын жасауды ұсынған болатын. Сол бағдарламаны үкімет әлі қабылдаған жоқ. Соның кесірінен, көші-қон мәселесінде олқылықтар орын алуда. Мысалы, көші-қон заңының 33-бабында «Шетелден келген қазақ студенттері жатақханаға уақытша және тұрақты тіркеуге құқылы» деп анық жазылған. Алайда жоғары оқу орындары да, көші-қон полициясы да осы бапты орындамай отыр. Бүгінде студенттер қалаған жеріне тіркелуде. Мысалы, Алматыда оқитын студент Талдықорғанға, Шелекке барып тіркеліп, Қазақстан азаматтығын алуға құжат өткізеді. Мұның өзі тәртіп бұзу.

 

 

Ауыт Мұқибек,
ақын, қоғам қайраткері

Бүгін, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық