jasqazaq.kz

Аман Төлеев отставкаға кетті

01 сәуiр 2018, 11:25

Аман Төлеев Кемеров облысының губернаторы қызметінен мерзімінен бұрын, өз қалауымен кетті, деп хабарлады РИА Новости. «Аман Төлеев Кемеров облысының губернаторы қызметінен өз қалауымен кету туралы өтініш жазды», — дейді агенттіктегілер.

«Кемеров облысының губернаторы Аман Төлеев қызметінен өз қалауы бойынша босату туралы Ресей президенті Владимир Путинге үндеу жасады», — деді облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметіндегілер. Аман Төлеев 73 жаста, ол саясатқа 1980 жылдардың аяғында келген. Кемеров облысын 1997 жылдан бері басқарды, өңірдің басшысы қызметіне төрт рет сайланған, оған 93,5-96,69 пайыз дауыс берілген. Ол бұл қызметте 2020 жылға дейін болуы тиіс еді. Кемеров облыстық Жарғысына сәйкес, өңір басшысының міндетін губернатордың бірінші орынбасары атқаратын болады. Еске сала кетейік, 2018 жылы 25 наурызда Кемеровадағы «Зимняя вишня» сауда орталығында өрт болып, 64 адам қаза тапты, олардың арасында 41 бала бар. Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Қазіргі таңда зардап шеккендердің саны 79 адамға жеткен.

tengrinews.kz

 

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделін нығайтуда
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты