jasqazaq.kz

Елімізде бензин қымбаттады

03 наурыз 2018, 12:52

Ақпан айында Қазақстанда бензин мен дизельді отын қымбаттады.

АИ-91 маркалы бензиннің бағасы 2-4 теңгеге, солярканың бағасы 2-8 теңгеге өскен. Баға барлық дерлік ірі жанар-жағармай құю стансасында өзгерді. Тек Helios желісі ғана АИ-92-ні 162, ал дизельді отынды 160 теңгеден сатып жатыр.

«ҚазМұнайГаз» стансасында АИ-92 4 теңгеге қымбаттады. Қазір бұл бензин 163 теңгеден сатылуда. Sinooil желісінде де баға осылай. Бензиннің бір литрі бұрынғыдай 158 теңге емес, 162 теңге. Royal Petrol жағармай құю стансаларында АИ-92 бағасы 160-тан 162 теңгеге дейін көтерілді. «Газпромда» баға өзгерген жоқ – 163 тг/л.

Бензинмен қатар дизельді отын да қымбаттаған. Ең қымбат отынды «ҚазМұнайГаз» сатып жатыр – бір литрі 165 теңге. Бірден 8 теңгеге өскен. Royal Petrol бұрынғы бағаның үстіне 4 теңге қосып, солярканы 159 теңгеден сатуда. Ал «Газпром» пен Sinooil желілері небары 2 теңгеге көтерген, қазір бір литрі тиісінше 160 және 159 теңге.

sputniknews.kz

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты