
Виргиния штатындағы Фэрфакс қаласында бір көше жер астына опырылып түсті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.
Көшенің 10 ақпан күні жер астына опырылып түскені белгілі болды. Кішкене ойылған жер кейін 30 метр тереңдікке дейін опырылған, ал ені — 7,5 метр.
Дәл қазір билік апаттың себебін анықтап, көшені қалпына келтіру жұмыстарын бастап кетті.
Twitter желісінде жарияланған видеодан көшені жөндеу үшін көптеген техниканың жұмылдырылғанын байқауға болады.
Authorities respond to a massive sinkhole that formed on a residential street in Fairfax, Virginia. https://t.co/bpBRdIzjh8 pic.twitter.com/vILFlwmhyY
— ABC News (@ABC) 11 февраля 2018 г.