jasqazaq.kz

Допинг дауы

28 шiлде 2016, 11:34

 

11856751_1630023663941083_1018458714_n2

 

Қазақстандық ауыр атлет Алмас Өтешов қайтадан допинг дауына ілікті. Спортшының 2012 жылы Лондонда тапсырған сынамасы тыйым салынған заттардың бар екенін растады. Бұл туралы 27 шілдеде Халықаралық ауыр атлетика федерациясының сайтында жарияланған.

Өтешовтің допинг сынамасында анаболикалық стероидтар, дегидрохлорметилтестостерон мен станазолол анықталды. Айта кетейік, ол 2012 жылы өткен Олимпиадада 7-орын алған еді.

Осыған дейін 2015 жылы Хьюстонда өткен әлем чемпионатынан кейін Өтешовтің допинг сынамасында осыған ұқсас заттар табылған болатын. Сондықтан қазіргі уақытта спортшы жарыстардан шеттетілді.

Қазақстандық ауыр атлеттің допинг сынамасынан басқа тағы да Ресейден, Молдавиядан, Армениядан, Түркиядан, Грузиядан және Әзірбайжаннан келген ауыр атлеттердің сынамасынан тыйым салынған заттар табылды. Стероид Лондонда өткен Олимпиадада Илья Ильяинмен бірінші орынға таласып, жеңілген ресейлік ауыр атлет Александр Ивановтан табылды. Еске салайық, биыл маусым айындағы Қазақстан чемпионатында ауыр атлет Владимир Седов Ивановка қолдау көрсетпекші болып, оның жейдесін киіп шыққан еді.

Алмас Өтешов -– әлем чемпионатының жүлдегері. Жасы 28-де. Ауыр атлет Қызылорда облысының атынан шығып жүр. Сондай-ақ  ол Илья Ильиннің командасында жаттығады.

Еске салайық, маусым айының басында шетелдік ақпарат құралдары қазақстандық ауыр атлеттердің қанынан допинг табылғаны жөнінде хабарлаған болатын. Олардың мәліметінше, Илья Ильин мен Зүлфия Чиншанло алдағы Олимпиада ойындарына қатыса алмауы мүмкін. Кейін Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті қазақстандық спортшылардың «Б» допинг сынамаларының қосымша тексерілу процедурасын растап, бес зілтеміршінің қанынан табылған заттардың күмән туғызғанын хабарлады.

Tengrinews.kz

Бүгін, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық