Алматыдағы Рысқұлов көшесінде түнде алапат өрт болды.

Алдын-ала мәлімет бойынша, «Қазтрансформатор» ЖШС-ін жаулап алған жалын көрші қоймаға дейін жеткен деп хабарлайды NUR.KZ

Алматы қалалық ТЖД-нің мәліметінше, өрт түнгі үште Жетісу ауданы Рысқұлов, 99 көшесінен шыққан. Өрт сөндірушілер оқиға орнына бірден жеткен.
Ведомствоның мәліметінше, өрт 05:39-да ауыздықталған. Өрт аумағы 3500 кв.м құраған. Оқиғадан зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.