jasqazaq.kz

Әріптестік ел ахуалын жақсартады

30 мамыр 2017, 10:58

Аймақтардағы әріптестікті дамыту жөніндегі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасын жүзеге асыру барысында, Көкшетау және Шымкент қалалары арасындағы әуе жолының ашылуына орай, екі облыс арасында экономика саласының әрқилы салалары бойынша әріптестікті нығайту туралы аймақ басшылары Мәлік Мырзалин мен Жансейіт Түймебаев меморандумға қол қойды.

Кездесу барысында, әсіресе туризм саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Оңтүстік Қазақстан облысы тарихи жерлерге, ежелгі мәдени мұраларға бай болса, Ақмола облысы өзінің тамаша табиғаттымен танымал. Өңір басшыларының меморандумға қол қойып, әріптестікке уағдаласуы экономикалық байланысты нығайтуда нақты қадамдарға жол ашып отыр. Туризмді дамыту үшін Ақмола облыстық туризм басқармасының қолдауымен облыстың табиғи әлеуетін, әсіресе, Бурабай баурайындағы мол мүмкіндікті қамтып көрсететін туристік ақпараттық орталық оңтүстіктегі ағайынға қызмет ете бастады. Сондай-ақ, Ақмола облысында да осындай орталық оңтүстік өлкедегі тарихи, мәдени жерлер туралы халықты хабардар етеді. Әсіресе, қасиетті Түркістан, Арыстан баб, Қожа Ахмет Яссауи мавзолейлері. Елге ежелден таныс «Сарыағаш» шипажайы.

Ежелгі қонақжайлық салтымен Ақмола облыстық туризм басқармасының басшысы Ш.Батырханов Оңтүстік Қазақстан облысының туристік ақпарат орталығының директоры Ж.Төлебековке Бурабай баурайының көркем табиғаты бейнеленген, халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесіне орай әзірленген ақпараттық материалдарды табыс етті.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық