
Үндістандағы Керала штатының 12 жастағы тұрғыны елдегі ең жас әке атанды. Бұл туралы stan.kz хабарлады.
12 жастағы баланың бірнеше ай бұрын кішкентай қызы дүниеге келген. ДНҚ тестін тексергеннен кейін дәрігерлер оның әке болғанын ресми түрде растайды.
Сәбидің анасы 16 жастағы қыз екен. Сондай-ақ, сәбидің ата-анасы немере туыстар әрі көршілер. Қыз өзін 12 жастағы бала зорлады деп полицияға шағымданыпты. Құқық қорғау қызметкерлері жасөспірімді ұстап, оны қазір кепілақымен босатқан.
Жергілікті заңға байланысты олардың кім екені жария етілмеген.