Елімізде қыздың жасауын берудің өзі бірталай қаражаттты қажет етеді. Осыған орай шымкенттіктердің жасауға қанша ақша жұмсайтынын анықтап көрдік.

Оңтүстік Қазақстан облысының тумалары қыздың жасауына зор мән береді.

22 жастағы Түркістан тумасы Зейнеп Ұласбекқызы өткен жылы тұрмысқа шыққан. Бүгінде ол күйеуімен және ата-енесімен бірге тұрып жатыр.

Оңтүстікте бойжеткен жаңа отбасында ұятты болмас үшін молынан жасау беріледі. Жасауда алты көрпе, алты жұмсақ көрпе, екі жастық пен екі сандық болуы керек. Одан бөлек техника, ыдыс-аяқ пен жаңа киімдер алынады.


Зейнептің жасауына тоңазытқыш, кір жуатын машина, теледидар, электрлі ет тартқыш пен шаңсорғыш секілді техникалар алынды.


Одан бөлек 4 мезгілге киім-кешек пен аяқ киім бар. Зейнептің сөзіне сенсек, ата-анасы оның жасауына 3 млн теңге жұмсаған. Үш жыл бойы кездесіп жүрген сүйіктісі оны алып қашып кетіпті.





Ал Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы Әсел Ережепова өткен жылы тұрмысқа шығып, жасауына ең қажетті заттарды ғана алған.

Тұрмыстық техникадан тек тоңазытқыш, теледидар, кір жуатын машина, микротолқынды пеш және шырынсыққыш алыныпты.
Одан бөлек төсек-орын гарнитуры, ыдыс-аяқ пен киім алынған.

Әсел жасауына 3 млн теңге жұмсады.
«Мен үш қызымды тұрмысқа бердім. Ұзату тойына миллион теңге кетеді. Оған жасаудың шығынын қосыңыз. Қыздарым түксіз келді деп айтқанын қаламаймын. Үшінші қызымды тұрмысқа бергенде, құдалармен жасауына тек ең қажетті заттарды аламыз деп келістік», — дейді Талшын апа.