jasqazaq.kz

Атамбаев журналистерге өкпелі

12 наурыз 2017, 13:03

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев кейбір БАҚ-тар мен саясаткерлердің мақсаты елдегі жағдайды тұрақсыздандыру мен мемлекет басшысының беделін түсіру екенін мәлімдеді. «Соңғы кездері Қырғызстан Республикасында баспасөздегі сөз бостандығы деп ұрандатып жүрген тәуелсіз журналистер, БАҚ-тар мен саясаткерлер өздеріне ұнамайтын адамдардың, бірінші кезекте тәуелсіз Қырғызстан президентінің атына кір келтіріп, адамдарға жала жабу құқығын беруді талап етіп жатыр. Мұндай әрекеттер соңғы жылдары жекелеген БАҚ-тарда, тіпті әлеуметтік желілерде былтыр жаздан бері күшейіп жатыр. Өтірік, өсек-аяң мен масқаралау. Журналистер мен БАҚ-тардың басты міндеті — адамдарға жалған ақпарат пен өсек-аяң жеткізу емес, шын әрі боямасыз ақпарат пен объектив деректерді жеткізу екенін еске салғым келеді», — деді Алмазбек Атамбаев мәлімдемесінде. Атамбаевтың айтуынша, Қырғызстанға бейбітшілік, тұрақтылық, бірлік пен ынтымақтастық керек. «Қырғызстан азаматтарына тәуелсіз журналистердің, БАҚ-тардың және саясаткерлердің негізгі мақсаты ақиқатты іздеу емес, керісінше, қазіргі мемлекет басшысына қатысты өсек-аяң таратып, қараша айында өтетін президент сайлауы алдында елдегі жағдайды тұрақсыздандыру. Еліміздегі тиісті органдарға сөз бостандығы дейтіндерге заңды орындау президентке қана емес, бәріне де міндет екенін еске салу керек», — делінген мәлімдемеде.

tengrinews.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық