
Жамбыл облысында «Жаңатас-Су-Жылу» коммуналдық кәсіпорнына қатысты әкімшілік іс қозғалды.
Монополияға қарсы ведомство «Жаңатас-Су-Жылу» коммуналдық кәсіпорнына жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесінде ғимараттың сыртқы алаңы бойынша тұтынған жылу энергиясына да төлем есептегені анықталды. ҚазАқпарат хабарлағандай, «Есептеу құралы жоқ, тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеу үлгі қағидасына» сәйкес көп қабатты тұрғын үйді жылытуға қажетті жылу энергиясының мөлшері ғимарат алаңын ескеріп айқындалады. Сонымен «Жаңатас-Су-Жылу» тұтынушыларға жылу энергиясына төлемді қате есептеген. Соның салдарынан 653 мың 772 теңге 62 тиын сомада негізсіз қаражат алынған. Кәсіпорынға қатысты ҚР ӘҚтК 164-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.