jasqazaq.kz

Тұңғышбай Жаманқұловтың ісі бойынша алдын ала сот отырысы басталды

27 ақпан 2017, 19:02

Алматыда №2 Медеу аудандық сотында Тұңғышбай Жаманқұловтың ісі бойынша алдын ала сот отырысы басталды.

Сот алдына тоғыз адам келді: Тұңғышбай Жаманқұлов, режиссер Талғад Жәнібеков, «Феникс» фильмінің атқарушы продюсері Наталья Юдина, Қазақфильм» АҚ экономика және қаржы жөніндегі атқарушы директоры Гауһар Ысқақова, картина редакторы Гизат Сұлтанов, жеке кәсіпкер Илья Коробейников, картинаның екінші режиссері Бижан Әбішев, «Феникс» фильмінің дайындығы кезінде түсірілім тобын басқарған директор Марлен Әбішев, ЖШС өкілі Данияр Маратұлы Әбдіқадыров.

Осылайша, Тұңғышбай Жаманқұлов, Наталья Юдина, Талгад Жәнібеков, Гизат Сұлтанов, Гауһар Ысқақова ҚР Қылмыстық кодексінің «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi аса iрi мөлшерде қылмыстық топ болып иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бабы бойынша күдікті болып отыр.

Илья Коробейников, Марлен Әбішев, Бижан Әбишев, Данияр Әбдықадыров ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабы, 189-бабының 5-бөлігі және 4-бөлігі бойынша айыпталып отыр.

Бүгінгі отырысты судья Тайман Шәкіров жүргізді.

tengrinews.kz хабарлағандай сотта түрлі өтініштер айтылды. Оның ішінде екі сотталушыға — Жәнібеков пен Искаковаға таңдалған бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтініштер де бар.

«Сондай-ақ, біз сотқа дейінгі тергеудің заңсыз басталуына қатысты өтініш білдірдік. Себебі сот екі қалада да процессуалдық әрекеттер жасады. Сондай-ақ, осы істе зардап шегуші ретінде ҚР Мәдниет және спорт министрлігін өтіп жатыр. Біздің ойымызша, министрлік бұл жерде зардап шегуші тарап болмайды. Мүмкін Қаржы министрлігі мен «Қазақфильм», — деді Жәнібековтің адвокаты Серік Айтбаев.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық