jasqazaq.kz

Әкімнің кездесуін бұзуға тырысты

20 ақпан 2017, 15:42

Алматыда бір әйел банктен алған қарызына қатысты мәселені шешу үшін әкімнің кездесуіне кедергі жасауға тырысты.

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің халыққа есеп беру кездесуінің алдында бірнеше белсендімен бірге осы кездесуді болдырмауға тырысқан Дильнар Инсенова ұсталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алматы әкімінің есеп беру кездесуінің алдында Дильнар Инсенова есімді азаматша ұсталды. Ол өзінің банктегі несие қарызы бойынша жеке проблемасын шешу үшін бірнеше адаммен бірігіп, осы іс-шараны болдырмауға тырысты», — деді Алматы әкімінің баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, Дильнар Инсенованың Алматы қалалық ІІД қызметкерлерінің заңды талаптарына қарсылық көрсетіп жатқанда ұсталғаны айтылады. Ұсталған әйел аудандық ІІБ-ге жеткізілді.

«Қала мен облыс әкімдерінің халықпен кездесуінің мақсаты тұрғындарға әлеуметтік-экономикалық мәселердің қорытындысы жайлы хабарландыру. Мұндай іс-шараларда бірінші кезекте қоғамдық тәртіпке ерекше назар аударылады», — деді әкімнің баспасөз қызметіндегілер.

Бүгін, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық