jasqazaq.kz

Бас прокуратура: Ескерткенбіз

21 мамыр 2016, 11:48

00dfc-clip-33kb(1)

Ұлттық музейде Жер реформасына жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Бас Прокурордың орынбасары Андрей Кравченко соңғы күндері 40-қа жуық азаматтың жауапкершілікке тартылу себебін түсіндірді.

Baq.kz хабарлағанындай, бұл мәселені отырыс ашылған сәтте қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов 40-қа жуық сотталған азаматты жауапкершілікке тартуды тоқтатуды көтерген болатын. Комиссия төрағасы Бақытжан Сағынтаев бұл мәселеге қатысты Бас Прокурор орынбасары Андрей Кравченкодан жағдайды түсіндіруді сұрады. Өз кезегінде Андрей Николаевич Қазақстан бойынша бүгінге дейін 40-қа жуық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылғандығын растады.

– Біз бұл мәселеге қатысты шешімді күні кеше ғана қабылдап, азаматтарды бүгін жаппай қамап жатқан жоқпыз. Заңсыз митингі өткізуді насихаттап, қоғам арасында іріткі салуды сәуір айынан бері жүргізген және жалғастырған белсенділер жазаланатындығын біз мамыр айының 5-інен бері ресми түрде мәлімдеп, түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Бұл мәселеге қатысты кез-келген азамат заң шеңберінде жауапкершілікке тартылатындығын ескерттік. Алайда, құлақ аспаған қоғам белсенділерін біз соңғы күндері жауапкершілікке тарта бастадық. Күдіктілер құқық қорғау органдары тарапынан тиісті деңгейде сұрауға алынып, айыбы дәлелденгендеріне шара қолданылуда. Ал 15 күнге бас бостандығынан айырылған азаматтарға мемлекет тарапынан адвокаттық қызмет пен тиісті заңнамалық кеңес-көмектер көрсетілді. Алайда, қамауға алынған ешбір айыпталушы осы кезге дейін жалған айып тағылғандығын алға тартып, прокуратура органдарына шағым түсірмеді, — деді А. Кравченко.

Сондай-ақ, отырыс соңына қарай Жер реформасы жөніндегі комиссия мүшесі Жанұзақ Әкім сөз сұрап, мұндай жазалау түрі қазіргідей жағдайда қалың бұқараның кері реакциясын туғызатындығын ескертіп, тараптар арасындағы жағдайды одан сайын шиеленістіретіндігін ескертті. Сонымен қатар, комиссия құрамындағы Құқықтық заңнамалық топтың жетекшісі Мұхтар Тайжан да қоғам белсенділерін бұлайша жауапкершілікке тарту, қалың бұқараның қытығына тиіп, билік пен халықтың арасын алшақтата түсетіндігін айтты.

 

Бүгін, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық