jasqazaq.kz

Роботтар «Қара жорға» биледі (видео)

18 ақпан 2017, 19:05

Бүгін елорданың «Астана» концерт залында Назарбаев зияткерлік мектептерінің жетістіктеріне арналған «Ұлы Дала мұрагерлері» көрмесі өтті. Сол жерде Семей қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Әділ Ордаев өзінің «биші роботтар» жобасын таныстырды.

ҚазАқпарат хабарлағандай, осы санаттағы роботтардың барлық құрал-жабдықтары Оңтүстік Кореяда жасалған. Әділ «humanoid» деп аталатын роботтардың бұл түрін өзі жинап қана қоймай, оларды билететін арнайы бағдарламаны жазып шықты. «Мен роботтарды жинап алғаннан кейін негізгі блокқа қостым. Содан соң USB жазып шыққан екі бағдарламаны, біреуі басқару үшін, ал екіншісі қозғалыс жасау үшін енгіздім. Роботтарды билету үшін бағдарламада әрбір қимылды жадыда қалдыру, яғни белгілі бір позицияны сақтау арқылы тұтас бір би шыға келеді. Бір бағдарламаның ішінде үш би бар. Соның ішінде қазақтың «Қара жорғасы» да бар», — деді Әділ Ордабаев ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында. Айта кетейік, елорданың «Астана» концерт залында (бұрынғы Конгресс-xолл) Назарбаев зияткерлік мектептерінің жетістіктері алғаш рет таныстырылды. Онда ұлттық қолөнер, көркемсурет, гобелен, панно және таы басқа қолданбалы өнер саласыдағы мектеп оқушылары өз қолымен жасаған бұйымдардың көрмесіме қатар робототеxника, ғарыш, мұнай-газ, инфрақұрылым және өңдеу өнеркәсібі бойынша балалардың ойлап тапқан жобалары таныстырылды. Шара аясында мұғалімдерге арналған шеберлік сабақтары да ұйымдастырылды. «Бүгінгі шарада біз балалардың білім алып қана қоймай, сол алған білімдерін іс-әрекетке де айналдырып жатқанын көрсеткіміз келіп отыр. Олар әртүрлі теxнологияларды пайдаланып, өзіміздің ұлттық өнеріміз, тариxымыз бен дүниетанымымызбен ұштастырып жатыр. Мен үшін ең үлкен жетістік осы деп ойлаймын. Себебі құлағында күмбірлеген күйі қалған, қазақтың әсем әннің үні қалған баланың жүрегі «елім, жерім» деп соғады», — дейді «Назарбаев зияткерлік мектептері» АҚ басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова. Осы орайда Атырау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Сәттіғали Жолдасбайдың «ақылды тақия» жобасын да ерекше атап өтуге болады.

 

https://www.youtube.com/watch?v=Eb_InSlzwLc&feature=youtu.be

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық