jasqazaq.kz

Мектеп директоры парамен ұсталды

16 ақпан 2017, 11:12

Ақтөбедегі №24 мектеп гимназиясының директоры Айдархан Әзімбаев пара алды, ал бас есепші Майра Еділбаева екі араға делдал болды деп айыпталуда. Мектеп директоры асхананы жалға алып отырған кәсіпкерден 300 мың теңге сұраған.

ҚазАқпарат хабарлағандай, мектеп директоры Айдархан Әзімбаев 10 қаңтар күні есеп бөліміне барып, есепші Майра Еділбаевадан асхананың табысы туралы мәлімет сұрайды. Жан-жақты ақпарат жинаған басшы асхананың қазіргі ұжымын таратып, жеке кәсіпкерлерге жалға беруді көздейді. Айыптау қорытындысына сүйенсек, А.Әзімбаев мектептің бас есепшісін өз кабинетіне шақырып алып, асхана меңгерушісінен 150 мың теңге талап етуді тапсырады. Сұраған ақшаны берген жағдайда ұжымды таратпауға уәде берді. Ал 16 қаңтар күні мектеп директоры сұраған ақшасы туралы қайтадан еске салып, есепшіні жібереді. Асхана меңгерушісі бір күннен соң болған оқиғаны мәлім етіп, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюродан көмек сұрайды. Ал мектеп директорының сұранысы бірер күнде 300 мың теңгеге дейін өсіп, асхана меңгерушісі мән-жайды Ұлттық бюроға хабарлады. №24 мектеп директоры өз кабинетінде ұсталды. Бас аспаз 300 мың теңге ақшаны есепші Майра Еділбаеваға беріп, ол қаржының тең жартысын директорға берген. Пара алған мектеп директоры мен есепші сол кезде ұсталды. Іс №2 қалалық сотқа түскен. «№24 мектеп гимназиясының директоры А.Әзімбаевқа Қылмыстық кодекстің «Пара алу», мектептің бас есепшісі М.Еділбаеваға «Парақорлыққа делдал болу» бабы бойынша айып тағылып отыр. Сот отырысы жалғасып жатыр»,- деді Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі. Егер айыпталушылардың кінәсі дәлелденсе, мектеп директоры 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды. Ал делдал болған есепші алған параны он есе етіп қайтарады немесе 2 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленеді.

 

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты