
Түркияда жантүршігерлік оқиға болды. Алпысты алқымдаған еркек өзінің жас әйелін атып өлтірді. Ол мұнымен тоқтамай, 13 және 15 жастағы екі баласына у беріп мерт қылды.
Hurriyet.com.tr интернет басылымы хабарлағандай, қылмыстық оқиға бүгін Анталияда тіркелді. Қала тұрғыны Муаммер Гүл есімді азамат өзінің орыс әйелі Аннаға мылтық кезеп мерт қылған. Іле-шала ұлы мен қызына у берген. Содан кейін өзіне қол жұмсапты.
Полиция қазір оқиғаның жай-жапсарын тексеруде.