jasqazaq.kz

Ішкі істер министрі: Медайықтырғыш керек

13 ақпан 2017, 17:13

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Астанадағы үкімет сағатында медициналық айықтырғыштар санын арттыру қажетін мәлімдеді. caravan.kz хабарлағандай, министр бұған дейін айықтырғыш санын көбейту туралы ұсынысы қолдау таппағанын айтты.

— Елде 615 орынға арналған небәрі 30 айықтырғыш бар. Олар қазір уақытша бейімдеу және детоксикация орталығы деп аталады әрі олар денсаулық сақтау министрлігінің қарамағында. Бұл мүлдем жеткіліксіз. Елде олардың санын көбейту керек деп ойлаймын. Бірақ ішкі істер министрлігінің ұсынысын денсаулық сақтау министрлігі де, әкімдік те қолдамайды — деді Қасымов.

Министр бұған қоса елде «алкоголизм» диагнозы қойылғандарды мәжбүрлеп емдейтін наркологиялық ұйымдар аз екенін айтады. Оның сөзіне қарағанда, елде 2470 орынға арналған 22 наркологиялық орталық бар және енді осындай 11 орталық ашу керек.

— Сонымен қатар, адамды алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге жіберу процедурасының өзі кәдімгідей қиын күйінде қалып отыр. Учаскелік инспектордың бір адамды орталыққа жіберу жайын рәсімдеуіне орта есеппен 12-15 тәулік уақыт кетеді. Бұдан өзге таза медициналық проблемалар бар. Наркологтар қабылдайтын науқастың денсаулық жағдайына қоятын талабы тым жоғары. Біз жіберетін адам алкоголизмнен басқа аурулармен ауырмауы тиіс. Яғни, біз орталықтарға тек дені сау адамды жіберуіміз керек, — деді Қасымов.

 

Бүгін, 14:53
Өмір Қалыбаев: Шымкентте қоғамдық көлік паркін жаңарту тұрақты жүргізіліп келеді
19 тамыз, 15:42
Шымшаһарда қолжетімді баспанамен қамту қарқынды
19 тамыз, 14:36
Шымкент мектептері жаңа оқу жылына дайын
03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды