jasqazaq.kz

Неймар «Ақтөбе» командасын құттықтады

07 ақпан 2017, 17:47

Бразилия мен «Барселона» құрамаларының шабуылшысы Неймар «Ақтөбе» футбол клубын 50 жылдығымен құттықтады, — деп хабарлайды tengrinews.kz.

Басылымның мәліметінше, Неймар Қазақстан құрамасының жаңа ойыншысы Витор Жуниормен кездесті.

«Ақтөбе» футбол клубының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларындағы мәліметтерге сәйкес, Неймар қазақстандық команданы 50 жылдығымен құттықтап, команданың жейдесіне қол қойып берді. Айта кетейік, ол жейде биыл ашылатын музейге жеткізіледі.

«Ақтөбе» футбол клубынының музейі тағы бір тамаша футболшының жейдесімен толықты. Неймар осыған дейін «Ақтөбе» командасының ойындарын қарап жүрмегенін мойындап, ендігіде тек қазақстандық командаға және досы Витор Жуниорға жанкүйер болатынын айтты», — делінген клубтың Instagram желісіндегі парақшасында.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық