jasqazaq.kz

Жанармай тағы да қымбаттады

06 ақпан 2017, 12:52

Қазақстанда ең үлкен сұранысқа ие АИ-92 маркалы бензин бағасы қымбаттады деп хабарлайды naryk.kz.

Атап айтқанда, жанармайдың аталған түрі “ҚазМұнайГаз” бекеттерінде 1 литрі үшін 137-ден 139 теңгеге дейін өссе, АИ-95 маркалы жанармай 150 теңгеден сатылып жатыр.

Ал, Sinooil жанармай құю бекеттерінде АИ-92 маркалы жанармай бағасы 140 теңгеге дейін шарықтаған. АИ-95 болса 1 литрі үшін 152 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Helios бекеттерінде АИ-92 – 138 теңге, АИ-95 – 150 теңге тұрады.

Бағаның айтарлықтай шарықтауы “Аурика” жанармай бекеттерінде тіркеліп отыр. Мұнда 1 литр АИ-92 маркалы бензиннің бағасы бірден 145 теңгеге дейін өскен. АИ-95 болса 161 теңгеден сатылуда.

Ресейлік “Газпромнефть” компаниясының бекеттерінде де қымбатшылық. Мұндай АИ-95 – 141 теңге, АИ-95 – 153 теңге.

“ҚазМұнайГаз Өнімдері” компаниясының басшылары бұған дейін елімізде АИ-92 маркалы жанармай бағасының 145 теңгеге дейін қымбаттайтынын болжаған еді.

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты