jasqazaq.kz

Иран бензин импортынан бас тартпақшы

02 ақпан 2017, 12:58

Иран биыл 12 жаңа мұнай өңдеу зауытын салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы  Иран ұлттық мұнай өңдеу және бөлу компаниясының (NIORDS)  директорлар кеңесінің мүшесі  Арман Магхадам хабарлады. Оның айтуынша, қазіргі таңда елде 9  мұнай өңдеу зауыты жалпы қуаты 1,73 млн баррель өнім өндіруде. Алдағы уақытта SKFGCR  зауыты іске қосылып, қуаты тәулігіне 120 мың баррельге жетеді. Trend.az сайты  жазғандай, өткен жылдың қараша айында NIORDS атқарушы директоры Аббас Қазими Иранда мұнай өңдеу саласы бойынша бірнеше жобаның іске қосылатынын айтқан болатын.  Осыған орай   биылғы жылдың 20 наурызында Бендер Аббас пен Лауан қаласындағы мұнай өңдеу зауыттары жаңғыртылады.  Сол уақытта  тағы бір ірі мұнай өңдеу зауыты іске қосылып, күніне 36 млн литр жанармай шығарады. Осылайша, Иран 2017 жылы соңғы 36 жылда алғашқы рет бензин импортынан бас тартады.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық