jasqazaq.kz

Жалқауға полицияда орын жоқ

01 ақпан 2017, 23:25

Шымкент қаласының әкімі жалқау  полицейлерді жұмыстан шығаратынын айтып, сынады.  Қаладағы төрт ауданның жергілікті полиция қызметінің басшылары сөз естіді. Tengrinews.kz Ғабидолла Әбдірахымов полиция басшыларын есеп беру үшін және көрсеткіш үшін жұмыс істеп жүргендерін айтты.

«Мен кейбір жергілікті полиция қызметінің басшылары орнында қалатынына сенімді емеспін. Мен аудандық жергілікті полиция бөлімшелерінің жұмысына қанағаттанбаймын. Есеп беру үшін ғана жұмыс істеп жүрсіздер. Сіздер тұрғындардан емес, ІІМ-нен қорқасыздар. Ал, полиция тұрғындар үшін жұмыс істеуі қажет! Ең басты бағаны әкім емес, басқа бір бастықтар емес, тұрғындар береді. Егер қызметкерлер жұмысын дұрыс істей алмаса, жұмыстан боса қажет. Жалқау және қолынан іс келмейтіндерге полицияда орын жоқ. Бұл дегеніміз үлкен міндет, полицияға адамдар өзінің әлеуметтік статусын жоғарылату үшін емес, тәртіп орнату үшін келуі тиіс», — деп шүйлікті Шымкент әкімі.

Ғабидолла Әбдірахымовтың ойынша, қала аудандарында жабайы сауда, такси жүргізушілері, тәулікке жалға берілетін пәтерлер және бос қалған құрылыс алаңдарымен жұмыс әлсіз түрде жүргізіліп келеді.

Сонымен қатар, қала әкімі, темекі тұқылын қайда болса, сонда тастап жүре беретін адамдармен күресті күшейту керектігін айтты.

«Көптеген құқықбұзушылық біздің жұмысты толық атқармай жатқанымыздан болып жатыр. Неге темекі тұқылын тастайсың? Себебі қоқыс жәшіктері жоқ. Жағалауларда неге қоқыс көп? Себебі қоқыс контейнерлері жоқ, ал өзімен бірге қоқысты қапқа салып алып кетуді көбісі ойлана бермейді», — деді Ғабидолла Әбдірахымов.

Қала әкімі осы мәселелерді шешуге полицейлер мен коммуналдық қызмет мамандарына бір ай уақыт берді. Осыған қарамастан, әкім қаладағы жергілікті полиция қызметінің жұмысына жақсы баға берді. Қала бойынша қылмыстық құқықбұзушылық (аса ауыр қылмыс пен ауыр қылмыстар) азайды. Адам өліміне алып келетін жол-көлік оқиғалары азайды. Бір жылда 93 миллион 357 мың теңгеге әкімшілік айыппұл толтырылыпты.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/jalkaular-men-kolyinan-s-kelmeytnderge-politsiyada-oryin-jok-277039/
Материалды көшіріп басқанда Kaz.tengrinews.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық