jasqazaq.kz

Ащы сумен көлік айдап ұсталды

04 қантар 2017, 22:23

Ақмола облысында 3 күннің ішінде ішімдікке масайған 23 жүргізуші ұсталды. Полицейлердің дерегі бойынша, облыста ішімдік ішіп алып көлікке отыру оқиғасы толастар емес, деп хабарлайды «ҚазАқпарат»  облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Сондықтан, профилактикалық шаралар  мас жүргізушілердің салдарынан болатын жол-көлік оқиғасын алдын алуға бағытталған. «2016 жылдың қорытындысы бойынша жол патрульдік полициясының қызметкерлерімен алкоголдік, есірткі және токсикоманиялық масаң күйде рөлге отырған 3 682 жүргізуші ұсталды. Оның 386-ы дәл осындай заң бұзушылығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар. Сонымен қатар, жол патрульдік полициясының қызметкерлері 2016 жылдың 31желтоқсаны мен 2017 жылдың 3 қаңтары аралығында ауа райының жайсыз болуына байланысты 21 рет автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойып, 1 022 көлікті діттеген жеріне дейін жеткізіп салды. Осы аралықта облыс аумағында мас күйдегі 23 жүргізуші ұсталды», деп көрсетілген хабарламада.

 

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық