jasqazaq.kz

Семейдегі жер үйді су басты

13 желтоқсан 2016, 22:22

Семейдің іргесіндегі ықшамауданды бірнеше күннен бері су басып жатыр. Бүгінде көтерілген жер асты суы жер үйлердің аулалары мен көшелеріне түгелдей жайылып, қатып қалған.

 

ktk.kz хабарлағандай, өзіміз бітелген арықтарды тазаладық. Суды тоқтату үшін таңғы сағат 9-дан кешкі алтыға дейін алыстық. Қапқа салып, күл де төседік. Бәрібір үйге жайылып кетті.

Қазір күн суытқандықтан көшелер мен аулалар мұз қалашығына айналған. Тұрғындар, қора-қопсысына жету үшін қалыңдығы шамамен 30 см болатын мұзды ойып әлек. Олардың қысқа дайындаған отын-сулары мен жертөледегі азықтары жарамсыз болып қалған. Ал көшелерінде тау- тау болып үйіліп жатқан құм, тас сияқты қалдық материал мен мұздың кесірінен көлік жүруден қалыпты. Сондықтан жұрт ағаш пен көмірге қайта тапсырыс бере алмай отыр. Ең сорақысы, әжетханадағы қалдықтар қалқып сыртқа шыққан. Салдарынан, төңіректі қолқаны қабатын иіс жайлады. Енді, жұрт жұқпалы дерт тарайма деп алаңдаулы. Ал жергілікті билік ешқандай қауіптің жоқтығын айтып, жайбарақат отыр.

Асан Дүйсембаев, Семей қалалық тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі:

-Бұл табиғи дүние. Нақтырақ айтқанда орманды алқаптан жерасты суы көтерілді. Төтенше жағдай қызметкерлері шамалары жеткенше оны тазалаған болатын. Қазір, барлығы қатып жатыр. Бірақ, тұрғындарға қар мен мұзды шығару үшін техника бөлінеді.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық