jasqazaq.kz

Жылынамын десең, 100 теңге төле

17 қараша 2016, 20:54

d3802d2872dadb21a19c176c269013eb

Желіде жарияланған ерекше хабарлама қазақстандықтарды таңғалдырды.

Tengrinews.kz хабарлағандай, еліміздегі дүкендердің бірінде 100 теңгеге жылынып алуға болатыны жайлы хабарлама әлеуметтік желілерде тараған. Бірақ бұл хабарламаның авторлары кім екені белгісіз.

Еске сала кетейік, осыған дейін қолайсыз ауа райына байланысты Астанада мектеп оқушыларының сабағы тоқтатылғаны хабарланған болатын.

photo_31626

«Білім басқармасының шешімі бойынша 16 қарашада ауа райының қолайсыздығы мен қатты аязға байланысты қала мектептерінің I ауысымдағы 1-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды», — делінген сайтта жарияланған хабарландыруда.

Сондай-ақ, «Қазгидромет» РМК синоптиктері 2016 жылдың 17-19 қарашасына арналған болжам жасаған болатын. «Аномальды аяз Қазақстанның солтүстік пен шығыс облыстарына орнықты. Орташа тәуліктік ауа температурасы бұл аудандарда осы кезең үшін климаттық нормадан 10-18 градус төмен. Мұндай аяз Кар теңізі үстінде қалыптасқан салқын және қатты антициклонның әсерінен болуда», — делінген болатын синоптиктердің хабарында.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық