jasqazaq.kz

Жұмабек Жанықұлов: Шетелдегі әр қазақ Қазақстанның беделіне әсер етеді

Бүгін, 19:04

Қазақстанды әлемге тек спортшылар ғана танытпайды. Бұл туралы белгілі кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов айтты. Оның сөзінше, Олимпиада мен халықаралық жарыстарда Қазақстан туының көтерілуі елдің беделіне әсер етеді. Бірақ елді таныту үшін міндетті түрде алтын медаль алу шарт емес. Спортшы күміс жүлде алып, жақсы өнер көрсетсе де, Қазақстанға назар аудартады. Жанықұлов шахматшылар мен әншілердің жетістігін де мысалға келтірді. Соның ішінде ол Димаш Құдайбергеннің есімін атады. Оның айтуынша, шетелге барған қарапайым қазақстандықтың әрекеті де ел туралы пікір қалыптастырады. Мәселен, тазалық сақтап, өзін мәдениетті ұстаса, шетелдіктерде қазақстандықтар туралы жақсы көзқарас пайда болады. Жанықұлов осындай қарапайым әрекеттердің өзі Қазақстанның беделіне және елге инвестиция тартуға әсер ететінін айтты.

Сурет: egemen.kz

22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық
11 қыркүйек, 10:49
Алматыда жаңа кітап беру пункті ашылды
09 қыркүйек, 14:41
КЛАССИК
08 қыркүйек, 14:32
Берік Төлеуов: Шымкентте жедел медициналық көмектің сапасы мен жеделдігі арттырылуда
07 қыркүйек, 16:47
Мауия Алданазарова: Шымкентте аға буынға белсенді өмір сүруге жаңа мүмкіндіктер жасалуда
02 қыркүйек, 14:04
Мұхит Кемелов: Цифрландыру – әр тұрғынның жайлылығы үшін жасалатын қадам
01 қыркүйек, 14:43
Ілияс Есжанов: Шымкентте «ақылды» электр желілері іске қосылады
27 тамыз, 13:57
Банк депозитінің сыйақысына салық салынбайды