
Бұрынғы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов жаңадан құрылған Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы болып сайланды. Inform.kz сайтының мәліметінше,
Президенттік орталықта жаңа органның ұйымдастырушылық отырысында Санақ комиссиясының төрағасы Мұрат Әбенов жасырын дауыс беру нәтижесін жариялады.
Дауыс беру жәшігінен 121 бюллетень алынды. Жарамсыз бюллетень жоқ. Ерлан Қошановтың кандидатурасын 120 адам жақтаған. Бір адам қалыс қалған.
JQ-Aqparat