jasqazaq.kz

ШҚО-да 70 мың тоннадан астам темір кені заңсыз өндіріліп, 1 млрд теңгеден астам табыс табылған

25 тамыз, 10:18

Шығыс Қазақстан облысында «AK Metal» ЖШС басшысы заңсыз кен өндіріп, сатқаны үшін бір жылға бас бостандығынан айырылды. Тергеу мәліметінше, лицензия қатты пайдалы қазбаларды барлауға ғана берілгеніне қарамастан, кәсіпорын 70 мың тоннадан астам темір кенін заңсыз өндіріп, сатқан. Заңсыз қызметтен түскен табыс 1 млрд теңгеден асқан, деп хабарлайды jasqazaq.kz ҚМА-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«AK Metal» ЖШС басшысы Д.К. Бектемиров бір жылға бас бостандығынан айырылды.

Тергеу мәліметінше, серіктестікке берілген лицензия тек қатты пайдалы қазбаларды барлауға ғана рұқсат еткен. Алайда зертханалық және технологиялық зерттеу деген желеумен темір кені мен темір кені концентраты өнеркәсіптік көлемде өндіріліп, кейін Қазақстанда және шетелде сатылған.

Кен өндіру жұмыстарының салдарынан топырақ жамылғысы бүлініп, жердің табиғи бедері мен ландшафты өзгерген, тау-кен қазбалары мен үйінділер пайда болған. Бұл аумаққа елеулі техногендік әсер тигізген.

Жалпы 70 мың тоннадан астам өнім заңсыз өндіріліп, сатылған.

Қылмыстық жолмен алынған табыс 1 млрд теңгеден асқан.

Сотталған адам осы қаражатқа қымбат активтер сатып алған: Land Rover автокөлігі, бес бөлмелі пәтер, үш коммерциялық үй-жай, екі тұрақ орны және Алматы мен Алматы облысындағы екі жер учаскесі.

Сот құны 1 млрд теңгеден асатын бұл мүлікті мемлекет кірісіне тәркіледі.

Сурет: ҚМА/видеодан кадр


21 тамыз, 15:34
Шымкент: Есірткіге қарсы ымырасыз күрес
21 тамыз, 15:25
Нүрсұлтан Сүлейменов: Жаңа өндіріс орындары қала экономикасын алға бастырады
20 тамыз, 14:53
Өмір Қалыбаев: Шымкентте қоғамдық көлік паркін жаңарту тұрақты жүргізіліп келеді
19 тамыз, 15:42
Шымшаһарда қолжетімді баспанамен қамту қарқынды
19 тамыз, 14:36
Шымкент мектептері жаңа оқу жылына дайын
03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті