
Бүгін еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды күн. Құрылтай депутаттарын сайлау күні Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының төрағасы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Өмірбек Жұбаниязов №577 сайлау учаскесіне келіп, таңдау жасады.Өнер қайраткері сайлаудың ел болашағы үшін маңызы зор екенін атап, елдің ертеңіне жауапкершілікпен қарауы маңызды екенін жеткізді.«Бүгін ерекше күн. Құрылтай депутаттарын сайлау – еліміздің болашағы үшін маңызды саяси науқан. Әрбір қазақстандық азаматтық борышын өтеп, елдің ертеңі үшін таңдау жасауы керек.
Мен де дауыс бердім», – деді Өмірбек Жұбаниязов.