jasqazaq.kz

Жалған фирма, салықтан жалтарғандар

04 қараша 2016, 19:43

snimok

Осы жылдың қорытындысына сәйкес сотқа экономикалық құқық бұзушылыққа қатысты 3000 қылмыстық іс жолданған. Бұл өткен жылға қарағанда 2 есе артық. Былтыр бұл көрсеткіш 1654 қылмыстық істі құраған. Бұл туралы елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған жиында баяндалды.

Экономикалық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл олардың сапалы әрі жедел тергелуіне себепші. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері биыл 3000 экономикалық заң бұзушылықты анықтаған.

«Сотқа 3 мыңдай іс жолданды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 44%-ға артық. Аяқталған қылмыстық істер бойынша мемлекет қорына келтірілген шығын 193 млрд. теңгені құраса, оның 63,1 млрд. теңгесі қазынаға қайтарылған. Бүгінде жалған фирмалардың заңсыз қызметтерінің кесірінен мектептер, емханалар мен жол құрылысына жұмсалуы қажет болған миллиардтаған салық бюджетке түспей отыр», — деді ҚР ҚМ МКД ресми өкілі Мұрат Ақтайұлы.

Заңды түрде жұмыс істеп жүрсе де салық төлеуден бас тартқан кәсіпорындар да бар. Мысалы, Қызылорда облысында Экономикалық тергеу қызметі 8,6 млрд. теңге салық төлеуден жалтарған «Торғай Петролеум» ЖШС лауазымды тұлғаларын қылмыстық жауапкершілікке тартқан. Қазіргі уақытта аталмыш кәсіпорын келтірген залал толық көлемде өтелді.

baq.kz

Бүгін, 15:34
Шымкент: Есірткіге қарсы ымырасыз күрес
Бүгін, 15:25
Нүрсұлтан Сүлейменов: Жаңа өндіріс орындары қала экономикасын алға бастырады
20 тамыз, 14:53
Өмір Қалыбаев: Шымкентте қоғамдық көлік паркін жаңарту тұрақты жүргізіліп келеді
19 тамыз, 15:42
Шымшаһарда қолжетімді баспанамен қамту қарқынды
19 тамыз, 14:36
Шымкент мектептері жаңа оқу жылына дайын
03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті