jasqazaq.kz

Олжас Бектенов әкімдерге жол жөндеу жұмысын қатаң бақылауды тапсырды

03 наурыз, 12:53

Олжас Бектенов жол сапасына қатысты азаматтардан келіп түскен шағымдар санының артқанына назар аударды, деп хабарлайды, jasqazaq.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
Әкімдіктерге азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беру, уақтылы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жолдарды жөндеу барысына бақылауды күшейту тапсырылды.
Олжас Бектенов: «Сапалы жолдар – жайлы әрі қауіпсіз қозғалыс қана емес, сондай-ақ өңірлердің экономикалық өсуі мен инвестициялық тартымдылығын арттыруға да мүмкіндік береді.

Жол құрылыстары мен жөндеу жұмыстарында технологияларды қатаң сақтау, жобаларды уақтылы іске асыру – тек Көлік министрлігінің ғана емес, әкімдіктерге де қатысты мәселе. Оны бірінші басшылар тұрақты бақылауда ұстауы тиіс«, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Өткен жылы жергілікті жолдар мен көшелердің мүшкіл жағдайына қатысты азаматтардан келіп түскен шағымдардың саны 60 мыңға жуықтаған. Биылдың өзінде шамамен 7,5 мың шағым тіркелді. Мәселен, тұрғындар Доссор – Ақтау, Атырау – Орал жолдарының, Алакөлге апаратын өңірлік жолдардың жағдайы нашар екенін айтып келеді.

JQ-Aqparat

Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі

21 тамыз, 15:34
Шымкент: Есірткіге қарсы ымырасыз күрес
21 тамыз, 15:25
Нүрсұлтан Сүлейменов: Жаңа өндіріс орындары қала экономикасын алға бастырады
20 тамыз, 14:53
Өмір Қалыбаев: Шымкентте қоғамдық көлік паркін жаңарту тұрақты жүргізіліп келеді
19 тамыз, 15:42
Шымшаһарда қолжетімді баспанамен қамту қарқынды
19 тамыз, 14:36
Шымкент мектептері жаңа оқу жылына дайын
03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті