jasqazaq.kz

Шаруа полигон жерін жалға алады

03 қараша 2016, 14:57

20161103132151

Атырау облысында ресейлік әскерилер Қазақстанға қайтарған Азғыр полигонының 750 мың гектар жері жергілікті шаруаларға беріледі. «Қазіргі уақытта бұл аумақ зерттеліп жатыр. Топырақтың, ауаның және судың сынамалары алынды. Полигон 20 жылдан бері қолданылмаған, бірақ қандай да бір бөліктерінің қауіпсіз екеніне нақты көз жеткізу қажет. Биыл рәсімдер аяқталған соң, алқаптар жергілікті фермерлерге жалға беріледі. Олар өз шаруашылықтарын дөңгелетіп, жеңілдікпен несие алатын болады. Мұндай үлкен аумақта мұнайшылар да барлау жұмыстарын жүргізе алады», — деп хабарлады ҚР Парламент Сенатының депутаты, жерді қайтару рәсіміне қазақстандық және ресейлік әскерилер тобының құрамында қатысып жатқан Сәрсенбай Құрманов ҚазАқпарат тілшісіне. Еске сала кетсек, бертінге дейін Атырау облысы Қызылқоға ауданы Тайсойған полигонында Ресей Федерациясының жалға алу иелігінде 749 мың гектар жер болды. Ендігіде тек 125 мың гектар қалып отыр. Атырау маңында орналасқан Ақсай ауылдық округінің Ақжар кентінде ресейлік әскерилердің қолданысында 753 гектар жер болды. Әскери тарап 740 гектарды Қазақстанға қайтарып жатыр.

ҚазАқпарат

 

Бүгін, 15:34
Шымкент: Есірткіге қарсы ымырасыз күрес
Бүгін, 15:25
Нүрсұлтан Сүлейменов: Жаңа өндіріс орындары қала экономикасын алға бастырады
20 тамыз, 14:53
Өмір Қалыбаев: Шымкентте қоғамдық көлік паркін жаңарту тұрақты жүргізіліп келеді
19 тамыз, 15:42
Шымшаһарда қолжетімді баспанамен қамту қарқынды
19 тамыз, 14:36
Шымкент мектептері жаңа оқу жылына дайын
03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті