jasqazaq.kz

Олардың қауіпсіздігі мас жүргізушіге аманат…

29 қазан 2016, 16:40

 snimok

«Автобус» жедел алдын алу шарасының екі күнінде СҚО полицейлері қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан жолда жүру ережесін бұзудың 161 фактісін анықтады, деп хабарлады ҚазАқпарат СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олардың 13-і көлікті құжатсыз басқару, 62-сі ұялы телефонмен сөйлесу фактілері, 28 жүргізуші жылдамдықты асырса, 7 жүргізуші міндетті техникалық бақылаудан өтпеген көлікпен жолға шыққан. Сонымен қатар, мас күйінде Прибрежное ауылынан облыс орталығына жолаушыларды тасымалдаған «ВАЗ 2106» көлігінің жүргізушісі ұсталды.

Бұдан бөлек, «Петропавл-Қарағанды» бағытына қызмет көрсететін автотасымалдаушы жолда жүру ережесінің өрескел бұзылуына жол берген. Тайынша ауданында тоқтатылған «Манн» маркалы автобусты басқарған азаматтың жүргізушісі куәлігінде тиісті санат болмаған. Әкімшілік хаттама толтырылып, жүргізуші жұмысынан шеттетілді. Жолаушылар өзге автобусқа отырғызылды.

ҚазАқпарат

Бүгін, 15:34
Шымкент: Есірткіге қарсы ымырасыз күрес
Бүгін, 15:25
Нүрсұлтан Сүлейменов: Жаңа өндіріс орындары қала экономикасын алға бастырады
20 тамыз, 14:53
Өмір Қалыбаев: Шымкентте қоғамдық көлік паркін жаңарту тұрақты жүргізіліп келеді
19 тамыз, 15:42
Шымшаһарда қолжетімді баспанамен қамту қарқынды
19 тамыз, 14:36
Шымкент мектептері жаңа оқу жылына дайын
03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті