jasqazaq.kz

8 мың баланы шетелдіктер асырап алған

09 қазан 2016, 13:44

 

20161009124319

Елімізден  шетел азаматтары асырап алған балалардың жалпы саны 8 805-ке жетті. Бұл туралы  ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті хабарлады.

«Ал 2011 жылы шетел азаматтарының бала асырап алу рәсімінің механизмі қарастырылатын «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексі қабылданды. Кодекс қабылданғаннан кейін (шетелдік агенттіктерді аккредитациялау арқылы) елімізде барлығы 125 бала асырап алынды»,  0 деп атап өтілген комитет мәліметінде.

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекс пен «Балаларды қорғау және баланы шетелдіктер асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны ратификациялау туралы» ҚР Заңы қабылданғанға дейін республикамызда бала асырап алу күші жойылған «Неке және отбасы» заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылатын.

Қабылданған Кодекстің талаптарына сәйкес қазақстандық азаматтардың бала асырап алу процедурасының жеңілдетілуімен бірге қазақстандық балаларды асырап алғысы келетін шетелдіктер үшін бала асырап алу процедурасы күшейтілді.

Осы жылдың сәуір айында қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңымен бала асырап алу жөніндегі агенттіктерге қойылатын талаптар күшейтілді.

Егер агенттік өзінің аккредитациясынан айырылған жағдайда құзырлы шетелдік мемлекеттік органдарға асырап алынған балалар туралы есепті ұсыну міндеттері жүктеледі, сондай-ақ асырап алынған балаларға қатысты орын алған барлық қайғылы оқиғалар, жағдайлар мен зорлық-зомбылық туралы дереу хабарлау қажеттігі міндеттеледі.

ҚазАқпарат

21 тамыз, 15:34
Шымкент: Есірткіге қарсы ымырасыз күрес
21 тамыз, 15:25
Нүрсұлтан Сүлейменов: Жаңа өндіріс орындары қала экономикасын алға бастырады
20 тамыз, 14:53
Өмір Қалыбаев: Шымкентте қоғамдық көлік паркін жаңарту тұрақты жүргізіліп келеді
19 тамыз, 15:42
Шымшаһарда қолжетімді баспанамен қамту қарқынды
19 тамыз, 14:36
Шымкент мектептері жаңа оқу жылына дайын
03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті