
Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы Амансай ауылында қарт анасын тепкілеп өлтірген азаматқа сот үкімі шықты.
Анасын аяусыз тепкіге алып, о дүниелік еткен Самал Мамыт 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады. Қайғылы оқиға сәуір айында орын алған болатын. Самал Мамыт мас күйінде анасына тиісіп, өзінің арақ ішкеніне ренжіген анасын аяусыз тепкіге алған. Ер адам анасының сөзін көтере алмағандықтан, осындай қылмысқа барғанын мойындады.
nur.kz