jasqazaq.kz

Экстремистер жастарды қалай арбайды?

30 қыркүйек 2016, 18:16

photo_29827

ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов Ақтөбе облысының жастарын жаман әдеттерден сақ болып, қауіпті идеологиялардың қармағына ілініп кетпеуге шақырды.

«Экстремистер әлсіз, санасы қатпаған еліктегіш жастарды қатарына тартады. Ақша беру арқылы сенімге кірген жайттар да аз емес. Ары қарайғы оқиға қалай өрбитіні белгілі. Сананы улап, қолға қару береді де қылмысқа итермелейді. Өздері терактіні сырттан бақылап отырады, сөзге сенгіш жастарды өлімге итеріп, оларды нысанаға айналдырады», — дейді аймақ оқушыларымен кездесу барысында Жақып Асанов.

Ол ақтөбелік жастарды экстремизм мен терроризм жақтастарынан аулақ болуға шақырды.

«Болашақта бұл мәселе шешімін табады. Бұл зұлымдыққа бүкіл әлем қарсы тұрып, көзі жойылады. Бірақ оған дейін көптеген адам терроризм құрбаны болар. Әркім де қателеседі. Жастар максимализмге жақын келеді», — деп ойын білдірді прокурор.

«Сондықтан да біз осындамыз, оның алдын алуға, себебін түсіндіруге, жастарға дұрыс бағыт беру үшін. (…) Сіздер әлі жассыздар. Бірнеше жылдан кейін ересек өмірлеріңіз басталады. Болашақтарыңызды бүгіннен бастап ойлап, жамандық атаулыдан алыс жүріңіздер», — деп атап өтті Жақып Асанов.

Айта кетейік, Жақып Асанов Елбасының тапсырумен Ақтөбеге барды. Бас прокурормен бірге аймаққа екі жүзден астам барлық орталық мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдардың мамандары келді. Олар Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу жолдарын қарастырмақ.


kaz.tengrinews.kz

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты