jasqazaq.kz

Шымкентте азық-түлік бағасы бақылауда

30 маусым 2023, 14:50

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты өткізген кеңесінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы бойынша мемлекеттік реттеуді енгізуді тапсырған болатын. Осыған орай Шымкент қаласының әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларына апта сайын мониторинг жүргізуде. Жалпы қалада азық-түлік тауарларының қоры жеткілікті, тапшылық жоқ.

Бағаны тұрақтандыру мақсатында өңірлік тұрақтандыру қоры жұмыс жасайды. Аталған қорға жергілікті бюджеттен 7,7 млрд.теңге бөлінді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары «Магнум», «Грамад» ірі сауда желілерінде белгіленген бағада сатылуда.

Елшібек батыр көшесі №116 мекенжайда орналасқан әлеуметтік дүкенде көкөніс өнімдері және күнделікті тұтынатын азық-түлік тауарлары төмен бағада ұсынылуда.

Сиыр етінің бағасы «QazEt» әлеуметтік дүкенінде (Т.Рысқұлов көшесі және Нұрсәт шағын ауданы, Т.Назарбеков көшесі) 2150 теңгеден/кг және «Байтерек» шаруақожалығының сауда нысандарында («Фиркан Сити» ойын-сауық орталығының ішінде және Қапал батыр көшесі №6/4 көшесіндегі «Фиркан» сауда желісінде) 2200 теңгеден/кг сатылуда.

Бұдан бөлек, әр аптаның сәрсенбі, сенбі және жексенбі күндері қаланың 4 жерінде (Фосфоршылар мәдениет үйінің алды, Қажымұқан атындағы орталық стадион аумағы, 1000 ұсақ-түйек сауда қатары, Рахима Плаза сауда орталығының жаны) жергілікті тауар өндірушілері мен шаруа қожалықтарының қатысуымен базар нарқынан 10-15%-ға төмен бағада азық-түлік жәрмеңкелері ұйымдастырылуда.

«Сауда қызметін реттеу туралы» Заңға сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда арқылы берушінің сатып алу бағасының 15 пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілейді. Сауда үстемесінің мөлшерін арттыруы – ескерту жасауға алып келеді. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін, бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Осыған орай, азық-түлік бағасының шекті мөлшерден асырып жатқанын көрсеңіздер 24-75-41 нөміріне хабар беріңіздер.

Мерей Әлімбек

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық