jasqazaq.kz

Бүгін — Әкелер күні

18 маусым 2023, 21:06

Бүгін Астанада елімізде алғаш рет атап тойланып отырған Әкелер күніне орай «Әке – отбасының тірегі» атты мерекелік бағдарлама өтті. Іс-шара ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Биыл 31 мамыр күні ел Үкіметі жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде бүкіл ел бойынша атап өтілетін Әкелер күні – жаңа мереке күнін белгілеген болатын.


Мерекелік іс-шараға
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, жергілікті атқарушы органдар мен бейресми ұйымдардың өкілдері және елорда тұрғындары қатысты.
Әкелер күнінің негізгі мақсаты — дәстүрлі отбасылық құндылықтарды ілгерілету, мен «ынталы ата-ана болу» идеясын насихаттау.
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі құттықтау сөзінде
әкелердің отбасын нығайту мен бала тәрбиесіндегі рөлінің маңыздылығын атап өтті.
«Отан — отбасынан басталады. Ал отбасының тірегі, отағасы мен қара шаңырақтың иесі — әкелер екені белгілі. Бүгін осы жерге өмірдің көптеген қиындықтарына төтеп беріп, жұртқа пана болған қадірлі де құрметті әкелереміз келіп отыр. Барша жиналған әкелер қауымын шын жүректен бүгінгі мерекемен құттықтаймын!», — деді министр.


Іс-шара аясында әкелер күніне орай әлеуметтік жобалар жәрмеңкесі, мерекелік концерт және балалар шығармашылығы көрмесі ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, республика ел бойынша Әкелер күніне орайластырылған іс-шаралар ұйымдастырылды. Сараптамалық алаңдар, дөңгелек үстелдер, көп балалы әкелердің қатысуымен отбасылық жарыстар өтті.
Айта кетейік, Әкелер күні отбасылар мен отбасылық құндылықтарды біріктіретін дәстүрлі отбасылық мерекеге айналмақ.

JQ-Aqparat

Бүгін, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық